Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

Алтай қаласының балалар - жасөспірімдер спорт мектебі 1964 жылы 26 тамыз күні еңбекші депутаттардың Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық Кеңесі атқару комитетінің «Зырян қаласында балалар спорт мектебін ашу туралы» № 207 шешімі негізінде құрылған. Мен, Байбулов Мурат Мақсатович 2011 жылы осы мектепке директор болып тағайындалдым.

Қазіргі уақытта Алтай қ. БЖСМ штаттық қызметкерлер саны 59 қызметкер құрайды, оның ішінде.

Әкімшілік қызметкерлер  – 11 адам;

Көмекші қызметкерлер (вахтерлар, тазалаушылар, жұмысшылар және күзетшілер)  – 26 адам;

Жаттықтырушылар - 22 адам.

22 жаттықтырушылар ішінде ҚР СШ – 4 жаттықтырушы (ауыр атлетика, пауэрдфтинг, қол күресі, керлинг) ҚР СШҮ -  8 жаттықтырушы (еркін күрес - 2 жаттықтырушы, бокс – 2 жаттықтырушы, шайбалы хоккей – 1 жаттықтырушы, дзюдо-1 жаттықтырушы,шорт-трек-1 жаттықтырушы, қол күрес – 1 жаттықтырушы)

бірінші санатты жаттықтырушылар – 4 жаттықтырушылар (ауыр атлетика – 1 жаттықтырушы, бокс – 1жаттықтырушы, конькимен жүгіру спорты – 1 жаттықтырушы, еркін күрес – 1 жаттықтырушы), екінші санатты – 7 жаттықтырушы (бокс – 2 жаттықтырушы, еркін күрес – 1 жаттықтырушы, үстел теннисі – 2 жаттықтырушы, кёрлинг – 1 жаттықтырушы, футбол – 1 жаттықтырушы) және бір жаттықтырушыға «жоғары санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы» (армрестлинг) біліктілік санаты берілді.

Барлық жаттықтырушылар тәжірибелі ұстаздар және түрлі деңгейдегі жарыстарда лайықты нәтиже көрсетіп жүрген шәкірттері бар.

Еңбек шартын жасамас бұрын кандидаттың деректері бос лауазымға сәйкестігін қосымша тексеру үшін дене шынықтыру және спорт басқармасына жіберіледі.

Барлық қызметкерлер өз саласының сауатты мамандары және бірігіп жұмыс істейді, бұл біздің мектептің жалпы жұмысын айтарлықтай жақсартады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау тақырыбы бойынша қызметкерлер арасында тұрақты негізде кездесулер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде әрбір адам мемлекеттік қызметшілердің этикасын зерделеудің міндетті түрде өтеді.

Алтай қ. БЖСМ баласында келесі объектілер бар:

Әкімшілік ғимарат, жалпы ауданы – 727,4 кв.м. (1964ж.салынған);

Хоккей модулі, жалпы ауданы – 3109 кв.м. (2016ж.салынған);

«Металлург» стадионы, жалпы ауданы – 5419,1 кв.м. (1964ж. салынған);

Ауыр атлетика залы, жалпы ауданы –  75,1 кв.м. (2007ж. салынған)

 

Баланста келесі көліктер де бар:

ГАЗ 322173 жолаушы автокөлігі;

ГАЗ С41R13 қалада сырғанау алаңын толтыруға арналған көлік;

«Буран»қарда жүретін машина;

Zamboni мұз жинағыш машина.

Біздің мектепте келесі спорт түрлері бар: қол күрес – 150 спортшы, бокс – 112 спортшы, еркін күрес – 168 спортшы, дзюдо – 50 спортшы, казак күресі – 50 спортшы, ауыр атлетика – 22 спортшы, пауэрлифтинг – 28 спортшы, үстел теннисі – 56 спортшы, кёрлинг – 34 спортшы, шорт-трек – 50 спортшы, конькимен жүгіру спорты– 24 спортшы, футбол – 46 спортшы және шайбалы хоккей – 48 спортшыЖалпы контингент – 838 спортшы, 70 топ, оның ішінде:

АДТ-1 б.ж – 45 (580 спортшы), АДТ б.ж. – 14 (160 спортшы), ОЖТ-1б.ж.– 4 (38 спортшы), ОЖТ-2ж.о. – 3 (30 спортшы), ОЖТ-3ж.о. – 4 (30 спортшы).

Оқу жылында жаттықтырушылар құрамымен ай сайын жаттықтырушы кеңестер және тоқсан сайын педагогикалық кеңестер өткізіледі.